ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ағымдағы жылдың 13 сәуірінде мемлекет басшысына қыркүйек айыны соңына дейін 10 миллион адамның коронавирусқа қарсы вакцина алатынын айтып, уәде еткен.
Бүгін – қазан айының бірінші күні. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі есепте 7,6 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алыпты. Нақты екпе алғандар саны – 7 654 566 адам.
Ал вакцинаның екі компонентін де толық алғандардың саны 6 593 598 адамды құрайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакцина алуы тиіс адамдар саны 10 миллион деп көрсетілген. Кейінірек бұл цифрды 30 мыңға қысқартып, 9 970 000 адам деп бекіткен. Бүгінгі күнгі ахуалды ескерсек, вакцина алуы тиіс халықтың 76,7 пайызы алғашқы компонентті, 66,1 пайызы толық екпені алған.
Басып шығару