Альберт Линдердің інісі Семен Instagram-да үндеу жасап, суицидке не себеп болуы мүмкін екені туралы айтты.
«Бауырым, сен менің жүрегімде мәңгі сақталасың. Бұл біздің ортақ медальдар. Біздің балалық шағымыз, спорттық мансабымыз бірге өтті. Ол маған аға ғана болып қоймай, әкемнің орнын басты. Менің ағам мені үнемі жігерлендіріп, мықты болуға және ең бастысы адал болуға үйретті.
Менің ағам ауыр атлетикамен «өмір сүрді», бұл спортты бәрінен де жақсы көрді. Өзінің өмірін толығымен спортқа арнады, арманы мен мақсаты болатын. Ол өз елінің патриоты және Қазақстанның туын мақтанышпен көтерді! Ешкімді алдамаған, әрқашан бәріне көмектесіп, көп жақсылық жасаған», – деп жазды Семен Линдер.
Оның айтуынша, ағасының өзіне қол жұмсауы мүмкін емес.
«Жыл бойы біз оқу-жаттығу лагерінде жүргенімізде ол депрессияға түсті, спортты жақсы көретін жігіт бұзылды. Ол қиналды, 5 күн тамақ ішпеді», – деді Семен.
Жаттықтырушының ақшаға құныққан адам екенін айтқан Семен, одан көптеген адамдар задап шеккенін жеткізді.
«Жаттықтырушы ешқашан спортшымен кеңеспеген. Бұл бала кезімізден бізге көптеген жағымсыз істер жасаған Некоч! Оны көптеген адамдар біледі. Жаттықтырушының бір ғана мақсаты бар – бұл ақша», – деп айтты Семен Линдер.
Қайтыс болған спортшының бауыры бұл мәселенің назардан тыс қалмауын сұрады.
«Бұл мәселе назардан тыс қалмайды деп сенемін. Кінәлі адам ҚР заңымен жазалануы керек. Ал медаль әкелгенде қуанғандардың бәрі қайда? Мен ағасыз қалдым. Мен енді ешқандай құны жоқ медальдарды жерге көмдім», – деді Альберттің ағасы.
Дереккөз: Vesti.kz
Басып шығару