Маңғыстау облысының экс-әкімі Серікбай Трұмов ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде ант қабылдады.
Отырыста Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Серікбай Трұмовтың Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, облыс әкімі және қала әкімі ретінде еткен еңбегіне сәйкес Президент жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалғанын айтып өтті.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен егемендігін нығайтуға, оның Заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың жауапты міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді ол.
Отырыс барысында Серікбай Трұмовтың Аграрлық мәселелер және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде жұмыс істейтіні белгілі болды.
«Әрі қарай да ел игілігі үшін қызмет етеді деп үміттенеміз. Жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, жұмысыңызға табыс тілейміз!» - деді Сенат төрағасы.
Басып шығару