ҚР Парламенті Мәжілісіне «Ақ жол» демократиялық партиясынан депутат болып сайланған Ғани хамзин ант қабылдады.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін. Қазақстан Республикасының тұтастығы мен егемендігін нығайтуға, оның Заңдарына қатаң бағынуға, маған берілген депутаттың жауапты міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді ол Мәжілістің пленарлық отырысында.
Ол Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінде жұмыс істейді.
«Барлық депутаттар атынан біздің әріптесіміз Ғани Болатұлын құттықтай отырып, депутаттық қызмет жолында сәттілік тілейміз», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин.
Ғани Хамзин 1 қыркүйек күні өз өкілеттілігін тапсырған Азат Сембиновтың орынына келді. Экс-депутат өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш білдірген.
Басып шығару