Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мағзум Мырзағалиевті Энергетика министрі етіп тағайындады. Мырзағалиев бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып қызмет еткен.
Ол 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келді. Үйленген, үш қызы бар.
Алғашқы білімі бойынша Мырзағалиев «халықаралық экономист», содан кейін 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Сондай-ақ, 2010 жылы ол мұнай мен газ кен орындарын игеруді зерттеді.
Министр 2001-2004 жылдары Теңізде және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау сұйықтығының инженері болып жұмыс істеді. Кейінгі жылдары ол мынадай жетекші мекемелерде қызметтер атқарды:
- MI Drilling Fluids International Ақтау филиалында;
- «ТеңізСервис» ЖШС
- ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясында.
2014 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан энергетика вице-министрі, кейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі болды.
Еске сала кетейік, бұрынғы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 7 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған.
Басып шығару