Азаматтарға жынысы көрсетілмейтін төлқұжаттар берілмек

  • 22 июл, 10:51
  • Көрілім: 72

Соңғы уақытта біржыныстылардың күші, ықпалы артып бара жатыр. Қазақстанда да бұл мәселе қоғамдық мәселелердің күн тәртібінде тұрғаны белгілі. Ал Аргентина ұлттық төлқұжатты беру кезінде азаматтың жынысын көрсетпеу туралы шешім қабылдапты. 

Заңға сәйкес, аргентиналықтар өздерінің жынысын нейтралды түрде көрсетуге құқылы. Ендігі уақытта аргентиналықтар өз төлқұжаттарына жынысын былай көрсетуге мүмкіндік алды: F (әйел), M (ер) и Х (нейтралды немесе анықталмаған).

Үшінші нұсқаны егер елдің азаматы өзін дәстүрлі екі жынысқа да жатқыза алмаған күнде таңдауға болады. 

«Әйелдер мен ерлерден бөлек, бірқатар бөлек тұлғалар бар, оларды да сыйлау керек», - деп мәлімдеді ел президенті Альберто Фернандес жаңа құжатты таныстыру барысында. Оның айтуынша, адамдардың бір-бірін сүюінің, сүйікті болудың, бақытты болудың мыңдаған әдісі бар екен. 

Президент жаңа құжаттың алғашұы нұсқаларын Ішкі істер министрі Эдуардо де Педро, Әйелдер мәселесі, гендерлік мәселелер жөніндегі министр Элизабет Гомес Алькортаға табыстады. 
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру