ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Grammy сыйлығының иегері атанған Иманбек Зейкеновтың шығармашылығы туралы өз ойын айтты.
Министрдің айтуынша, Иманбек би ырғағын өте нәзік және биік талғаммен таңдап, әннің тембр палитрасын толығымен өзгертті және құлаққа жағымды электронды эффектілер қосты.Ақтоты Райымқұлова Grammy сыйлығына ие болу үлгі тұтарлық жетістік екенін баса айтты.
«Бұл салыстырмалы түрде жаңа сала. Онда сіз талантсыз және еңбексіз ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Әріптестерім, академиялық музыканттар арасында, Иманбек жасаған ремикстің танымал болу себебі туралы қызу пікірталас болды.
Оның нұсқасы түпнұсқаға қарағанда тез, бірақ мәселе мұнда емес. Ол би ырғағын өте нәзік және биік талғаммен таңдап, әннің тембр палитрасын толығымен өзгертті және құлаққа жағымды электронды эффектілер қосты. Бұл ауылдан шыққан жігіттің жетістігі, кездейсоқ емес үлгі тұтарлық», - деді министр.