ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен кеңес өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров ірі қараны көбейту және сиыр етін өндіруді арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Б. Қасымбек, Павлодар облысының әкімі Б. Е. Маржикпаев, Қостанай облысының әкімі - А. Мұхамбетов, сонымен қатар бірқатар ауылшаруашылық бизнес өкілдері өз пікірлерін білдірді.
Бүгінде республикада 7,1 миллионнан астам ірі қара мал бар, оның ішінде сүт өнімділігі - 4,7 миллион бас, ет өнімділігі - 2,3 миллион бас. Жыл сайынғы ішкі қордың өсімі 5% құрайды. Елде 279 мың ірі қара малға арналған 113 бордақылау алаңы бар. Ағымдағы жылы жалпы саны 52 мың басқа арналған мал бордақылау алаңының 24 алаңы қаржыландырылды. Бордақылау алаңдарын қаражатпен қамтамасыз ету үшін Агроэкспорт бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Үкімет басшысы уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ облыс әкімдіктеріне аграрлық бизнес өкілдерімен бірлесіп Қазақстанда ет шаруашылығын дамыту міндетін іске асыруды тапсырды.
Облыс әкімдіктеріне астық өсіретін шаруашылықтар мен жайылым иелерін мал шаруашылығы саласына тарту арқылы ауыл шаруашылығын әртараптандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырылды.
Басып шығару