Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыт ағымдағы жылдың қаркүйек айында іске қосылмақ. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтқан.
Өндіріс орыны айына отандық иммундық дәрі-дәрмектің екі миллион дозасын шығаруға қабілетті. Оның ішіне QazVac вакцинасы да кіреді. Қазіргі таңда қазақстандық вакцинаны сатып алуға әлемнің бірнеше мемлекеті қызығушылық танытып отырған көрінеді. Әзірге экспорт үшін 50 мың доза дайындалып жатқаны туралы ғана ақпарат бар.
«Біздің өндірістен шыққан вакцинаны сатып алуға қызығушылық танытып отырған елдер бар. Әрине, ең бірінші міндетіміз – өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, одан әрі өтініш білдірген елдерге көмек қолын созамыз. Қазақстандық вакцинаны қазіргі таңда Венгрия, Моңғолия, Ауғанстан, Қырғызстан сұрап отыр. Бұл елдермен ҚР СІМ келіссөздер жүргізуде», - деді Тоғжанов.
Басып шығару