Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың үстінен жазған талап арызы бойынша сот шешімі шықты.
Айта кетейік, Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің белсенділер Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға талап-арызы бойынша азаматтық істі Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық соты қарады.
«Жанболат Мамай мен Инга Иманбай әлеуметтік желілерде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкес келетінін дәлелдеген жоқ. Өз ұстанымын дәлелдеу үшін талаптың бірқатар тармағы бойынша тек әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жазбаларға сілтемелер берілді. Олар талаптың бірқатар тармағына мүлдем қарсы болмады. Сот олар таратқан барлық ақпарат ешқандай дәлелмен расталмады және олар негізсіз деп таныды», - делінген соттың ресми хабарламасында.
Сурет: informburo.kz
Басып шығару