Қазақстан премьер-министрінің әкесі Ұзақбай Мамин қайтыс болды.
2021 жылдың 13 маусымында Еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Ақмола облысының құрметті азаматы Мамин Ұзақбай Жапарұлы қайтыс болды.
Ұзақбай Мамин 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданы Благодатное ауылында дүниеге келген.
Ерен еңбегі мен жетістіктері үшін халықтар достығы орденімен және "Құрмет" орденімен марапатталды.
Соңғы жылдары Нұр-сұлтан қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді жұмыс істеді.
Басып шығару