Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маскқа Түркістанның әкімі Рашид Аюпов Twitter әлеуметтік желісінде ұсыныс жасады. Әкім Түркістанда Tesla зауытын салуды ұсынды.
«Зауыт Қазақстанда, Түркістан қаласында Байқоңыр ғарыш айлағы маңында болуы тиіс. Бізде Менделеев кестесіндегі бүкіл элемент бар. Қаламыз Жібек жолы өтетін жерде орнасақан. Барлық инфрақұрылым мен арнайы экономикалық аймақтар бар. Түркістан Tesla үшін қолайлы. Марсқа бірге жетейік! Құрметпен қала әкімі Рашид Аюпов», - деп жазды Рашид Аюпов Twitter-де.