Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) кіретін мұсылман мемлекеттері Израильден палестиналықтарға жасалған шабуылды дереу тоқтатуды талап етті. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш те Израиль мен Палестина арасындағы соғыс дереу тоқтатылуы керек екенін айтты.
«Соғыс дереутоқтатылуы керек. Зымыран мен миномет шабуылдары, әуе және артиллериялық оқ атулар тоқтауы керек. Мен осы үндеуді тыңдауға шақырамын. Газадағы босқындар лагеріне шабуыл жасап, бір отбасының 10 мүшесін өлтірді. Гуманитарлық нысандар қорғалуы керек.
Журналистерге қорқыныш пен қудалаусыз жұмыс істеуге рұқсат етілуі керек. Газадағы БАҚ кеңселерін жою үлкен алаңдаушылық тудырады. Алға жылжудың жалғыз жолы - БҰҰ - ның тиісті қарарлары және келісімге келу», - деді Гутерреш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
Басып шығару