Денсаулық сақтау министрі халықты вакцинациялауды ескергендегі, коронавирустың таралуы бойынша оптимистік және шынайы болжамдардын айтты.
"Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинациялауды ескергенде, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша болжам қалай болатынын айтты.
Оптимистік сценарий бойынша вакцинацияны жалғастыру кезіндегі кестеге сәйкес тәулігіне үш мыңға дейін жұқтыру дерегі күтіледі.
Нақты сценарий мен кестеге сәйкес вакцинациямен қамту кезінде мамырдың ортасында тәулігіне төрт мыңға жуық адам коронавирус жұқтыруы мүмкін", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Министр бірінші кезеңде вакцинациядан болатын әсер иммунитетті қалыптастыруға жұмсалатынын айтты. Кейін вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді.
Басып шығару