Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қытайдың вакциналау және коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл тәжірибесін ескеруді тапсырды.
"Қытай әлемде алғашқылардың бірі болып коронавирустың жаппай таралуын ауыздықтай алды. Сөйтіп ауру жұқтырғандардың санын азайтты. Экономиканың қайта қалпына келуін қамтамасыз етті. Қытайдың үлгісімен Азияның Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам және Сингапур сияқты елдері де пандемияға қарсы нақты іс-қимылдар жасады. Сондықтан бізге пандемияға қарсы күресте және вакцина салу кезінде Қытайдың осы ұтымды тәжірибесін ескерген жөн. Жалпы Қытай Қазақстанның ұзақмерзімді стратегиялық серіктесі. Әлемнің екінші экономикасы болып саналатын бұл елмен ынтымақтастық біз үшін пайдалы әрі мемлекетіміздің ұлттық мүддесіне сай келетінін түсінуіміз керек", – деді Президент.
Басып шығару