Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Наурыз мейрамы – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың, риясыз шаттық пен қуаныштың белгісі. Наурыз мейрамында адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытқан, татуласып, табыса білген. Мол дастарқан жайылып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, үлкендер жастарға бата берген.
Bairaq.kz порталы барша қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтайды. Шаңырақтарыңызға шаттық ұялап, көңіл күйлеріңіз көтеріңкі болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Фото: El.kz
Басып шығару