«Грэмми» премиясының иегері Иманбек Зейкенов туған жері Ақсу қаласына оралып, жастармен кездесті. Кездесуде қазақстандық өзі туралы айтып, Мәскеуге барған сапардағы әсерімен және болашақ жоспарларымен бөлісті.
Диджейді облыс әкімі, мәдениет министрі құттықтады және оны «Қазақконцерттің» директоры Жеңіс Сейдоллаұлы күтіп алды. Иманбек Зейкеновке облыс әкімі заманауи құрал-жабдықтар сатып алу үшін 2 миллион теңге берді. Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов шапан жапты.
«Менде заманауи техникалар бар, сондықтан мен бұл ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақпын. Мен ешқайда кеткім келмейді. Күн сайын қаланы аралаймын. Жоспарым – музыкамен жұмыс істейтін боламын. Теміржолды тастағаныма бір жылдан асты. Мен музыканы оқуды жалғастырамын. Жастардың бәрі жемқорлық көп, көтерілу мүмкін емес деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Менің келесі редизім Шон Полмен болады», - деді «Грэмми» премиясының иегері.