Шымкент қалалық спорт басқармасының қос азаматтығы бар басшысының ісі бойынша сот шешімі жарияланды. Шенеунік Шымкент полиция департаментіне арыз жағанымен, сот оны қанағаттандырудан бас тартқан.
Еске салайық, шенеунік Қазақстан азаматтығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұраған болатын.
«Сот Олег Владимирович Почиваловтың Ресей Федерациясы азаматтығын алғанын және төлқұжаты барын анықтады, мұны №1 көшірме растайды. Бұл деректі Шымкент бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хаты мен РФ ІІМ жауабы растады.
Почивалов және оның өкілі сотқа теріс дәлел келтірмеді. Осылайша, полиция департаментінің іс-әрекетінде заңсыздық анықтаған жоқ», - деді судья Нұрғали Исмаилов.