Боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибрайымовтың сұхбаты жарияланды.
«Сізге депутаттық жақын ба, олимпиада чемпионы деген атақ жақын ба?» деп сұрады журналист Нартай Аралбайұлы.
«Негізі мені Олимпиада чемпионы деп таныстыру керек. Себебі, мен халыққа спартшы ретінде танымалмын, ад депутаттық енеді басталды», - деді спарт шебері.
Сондай-ақ, депутат болу жолында нені құрбандыққа шалғанын айтты.
«Ештеңені құрбандыққа шалған жоқпын. Әлеуметтік желілерде менің антирейтінгім өсіп кетті. Бұл халықтың әңгімесінен де байқалады. Шындығында мен бұған түсіністікпен қараймын. Сынды жақсы қабылдаймын және мен олимпиада чемпионымын, бұл атақты менен ешкім тартып ала алмайды», - деді Ибрайымов.
Боксшы депутат Мәди Ахметов туралы айтты.
«Мәдидің жиналған адамдардың алдында өзіін еркін ұстауы, жақсы сөздер айтуы, халықтың бірлігін ойлауы маған ұнады. Неге депутат болмасқа?» -деді Ермахан Сағиұлы.