Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин аймақтағы эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлағанын айтты.
«Алматы қаласының коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдайы соңғы 4 күнде күрт нашарлады. Күніне 125-140 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Бұл Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының "қызыл" аймағына өткенін білдіреді. 25 қаңтардан бастап біз "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өттік. Қазір осыған байланысты арнайы іс-шараларды әзірлеуге даярмыз», - деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ онлайн-брифингте.