Mazir
16 янв 12:35korilim:901 Sayasat

Алтай Көлгінов: 2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз


Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері азаматтарды жеке сұрақтарымен апта сайын қабылдайтын болады. Бұл туралы елорда әкімі Instagram-парақшасында жазды. 

«2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдайтын боламыз. Бүгін 10-нан астам тұрғынды онлайн қабылдадым. Президент VII шақырылымдағы Парламенттің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде мемлекет өз жұмысында әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауға басымдық беруі керектігін, «атаулы мемлекеттік көмек пен оны алу шарттары күшейтілуі тиістігін айтты. Азаматтарды қабылдау – көбірек адамды әлеуметтік көмекпен қамтуға, мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді», - деді елорда басшысы. 

Оның айтуынша, қала тұрғындары көбіне тұрғын үй және әлеуметтік көмекке қатысты жүгінеді. 

«Өткен жылдың күзінде тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық осы себепті ашылды (Республика даңғылы, 32). Онда – тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке тұру тәртібі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларына қатысу жолдары және сол сияқты өзге де ақпарат алуға болады. Әлеуметтік мәселелер бойынша көмек көрсетуге «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік көшесі, 14) бар. Онда «бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ашылған сәттен бастап (2019 жылғы тамыз айы) - 41,5 мыңнан астам адам жүгініп, өздерін толғандырған мәселелерге қатысты кеңес алды. Осылайша, қабылдауға келген азаматтардың бір бөлігінің мәселелерін шешу – басқа санаттағы қала тұрғындарының да мәселелерін шешуге мүмкіндік берді», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15