Премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы мақұлданды. 10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын. Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
"Қатысып отырған 99 депутат, жақтағандар 78, қалыс қалғандар 21", - деп оқыды дауыс беру нәтижесін Нұрлан Нығматулин. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді құттықтады.