Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды. Депутаттар Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Палатаның бірінші отырысында құпия дауыс беру арқылы қолдады.
"Кеше Nur Otan фракциясының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев депутат Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Оған жүктелген барлық тапсырма мен міндет орындалды. Ол парламентаризмнің дамуына және жұмыс сапасының артуына ықпал етті. Дәстүр бойынша Палаталардың барлық отырысы, тұсаукесерлер, үкімет сағаттары, бейінді комитеттердің отырыстары Үкімет мүшелерімен онлайн-форматта өткізілді. Оның кандидатурасын қолдауды сұраймын", - деді Мәжілісте Дархан Мыңбай.
Айта кетейік, жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы қызметіне басқа кандидаттар ұсынылмады. Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасына 100 депутат бірауыздан дауыс берді.
Басып шығару