Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдің кандидатурасы туралы ойын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының отырысына қатысты.
"Менің ойым - сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан үкімет өз жұмысын жақсы атқарып шықты. Басқа елдердің аясында жақсы нәтиже көрсете білдік. Егер Президент Мамин Асқар Ұзақбаевты ұсынса, фракциядан оның кандидатурасын сақтауды қолдауын сұраймын", - деді Елбасы.
Басып шығару