Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауынан кейін «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық кеңесінің пленумы өтіп, депутаттар мандаты бөлінді. Партия атынан депутат мандатына ие болғандар ішінде белгілі ақын, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Қазыбек Иса бар.
Аталған партия пленумының шешімімен Азат Перуашев, Азамат Әбілдаев, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаев, Дәния Еспаева, Айгүл Жұмабаева, Қазыбек Иса, Андрей Линник, Ерлік Өмірғали, Мақсат Раманқұлов, Азат Сембинов Мәжіліс депутаты мандатына ие болды.
Естеріңізге сала кетсек, ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар партиялардың жинаған дауыстарына қарай былай бөлінді:
«Nur Otan» партиясы – 76 мандат,
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат,
Қазақстан Халық партиясына – 10 мандат.
Белгілі ақын, тіл жанашыры, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, қоғам белсендісі Қазыбек Исаны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болуымен құттықтап, халықтың жүгін арқалайтын жауапты қызметіне сәттілік тілейміз!
Басып шығару