Журналистердің құлағына дүйсенбі күні Бас прокуратураның баспасөз қызметінде тиген бұл ақпарат жарияланып-ақ жатыр. Түсіне алмай дал болған оқырмандар да баршылық. Айтамыз.
Мәскедің Таған аудандық соты «БТА Банк» АҚ-ның диреткорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа, осы банктың басқарма басшысы Роман Солодченкоға, олардың қарамағындағы Артур Трофимовқа, Игорь Кононкоға, Анатолий Ерещенкоға, Татьяна Парескевич, Александр Удовенкоға қатысты үкім шығарды.
Жоғарыда аталғандар РФ ҚК 159-бабының 4-тармағы бойынша («Алаяқтық»), РФ ҚК 174,1-бабының 3-тармағы бойынша (қылмыс жасау арқылы тапқан табысты легализациялау), РФ ҚК 165-бабының 3-тармағы бойынша айыпталды.
Сот Әблязовты 15 жылға, Кононконы 10 жылға, Парескевичті 12 жылға, Ерещенко мен Удовенконы 13 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушылар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.
Сот үкімі жарияланғаннан кейін қылмыскерлерге іздеу жарияланды.
Басып шығару