Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Теңізшевройл» компаниясының өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды. Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.
Басып шығару