Ресейдің белгілі музыкалық продюсері Иосиф Пригожин Мемлекеттік Думаның депутаты Вячеслав Никоновтың арандатушылық мәлімдемелеріне жауап берді.
Иосиф Пригожиннің Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынас ең берік әрі бауырластық қатынастардың бірі болып қала беретіндігін атап өтті.
«Біз үшін және жеке өзім үшін Қазақстан - бауырлас мемлекет, мен оны қатты құрметтеймін. Бірінші кезекте, бұл біздің маңызды одақтасымыз. Егер сіз соңғы 30 жылдағы жағдайға көз жүгіртсеңіз, онда бұл достықты сақтайтын ең жақын мемлекеттердің бірі екенін білесіз. Мұндай берік қарым-қатынас Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығының арқасында құрылды. Біздің қарым-қатынасымыз берік, іргелі және біз өз арамызда ешқандай шекара сезінбейміз. Менің ойымша, бұл біздің қарым-қатынастың маңызды аспектісі», - деді Иосиф Пригожин.
Ол Кеңес Одағы ыдыраған кезде басқа да республикалар сияқты Қазақстан да бөлініп шыққанын атап өтті.
«Неліктен Кеңес Одағында болған жағдайды еске түсіреміз? Неліктен біз өткенге үңіліп отырамыз, неге болашақ туралы, бүгін туралы сөйлесуге болмайды? Неге біз өз арамызда Кеден одағы бар деп айта алмаймыз, біздің қарым-қатынасымыз өте мықты» - деп сұрады продюсер.
«Бұның елдер арасындағы қарым-қатынасты әлсіретіп және Ресейді жалғызсырату біреулерге тиімді екенін түсінбейсіз бе? Менің ойымша, Ресейде диверсиялық әрекеттер бар.
Мен қоғамды қысқа мерзімді қорытынды жасауға асықпауға шақырамын. Қазір ең бастысы - қарым-қатынасымызды қорғау және үшінші жақтың араласуына жол бермеу», - деп аяқтады Пригожин.
Басып шығару