Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Әбдірахмановты Швеция мен Даниядағы елші қызметінен босатты.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген Ақорда сайтында.
4 желтоқсанда Қайрат Әбдірахманов ресми түрде ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалғаны белгілі, сондықтан да барлық мемлекеттік қызметінен кетті.