Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаеваны қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпараттық жұмыс стратегиясын жүзеге асыру туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан міндеттерді жүзеге асырудың барысы туралы есеп берілді.
Сонымен қатар, Аида Балаева Мемлекет басшысына азаматтық қоғамның дамуы және осы саладағы ел басшылығының тапсырмаларын орындауға бағытталған практикалық шаралар туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында Президент министрлікке бірқатар нақты міндеттер қойды.
Басып шығару