Ресей, Әзірбайжан, Армения Сыртқы істер министрлерінің Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығысты доғару туралы келіссөзі 10 сағатқа созылған. Бұл келіссөзге жер бөлісе алмай жатқан екі елдің сыртқы саясат басшыларын Владимир Путин шақырған.
Келіссөз барысы өте құпия өтті, журналистерге мүмкіндік берілмеді. Дегенмен Лавровтың итермелеуімен Зограб Мнацаканян мен Джейхун Байрамов қысқа мәлімдеме жасауға келіскен.
Оны журналистерге Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров оқып берді. Мәлімдемені оқуға бір минут қана уақыт жеткілікті болған.
«Тараптар төменде көрсетілген шарттарға келісім білдірід», - деп бастады сөзін ол. Әрі қарай тізбектеп берді:
«1) 2020 жылдың 10-қазан күні сағат 12:00-де оқ ату тоқтап, тараптар тұтқындар мен түрлі жағдайда қолға түскен азамататрмен және мәйіттермен алмасады.
2) Оқ атуды тоқтатудың нақты режимі қосымша келіссөздер арқылы анықталады.
3) Әзірбайжан Республикасы мен Армения Республикасы ЕҚЫҰ-ның Минс тобының тең төрағаларыменың делдалдығымен бейбітшілікке қол жеткізу үшін жұмыс істейді.
4) Тараптар келіссөз процесінің форматы өзгермейтінін нақтылайды».
Ұзақ келіссөзден кейін ешқандай баспасөз конференция немесе брифинг өтпеді. Ал Лавров журналистерге:
«Мен біздің бүгінгі жұмысымыздың қорытындысын жақсылап шығарасыздар деген үміттемін», - деді.
Басып шығару