Франциядан босқын атағын алған оппозиционер Мұхтар Әблязов Қазақстан тарапынан түскен арыз бойынша айыпты деп саналуда.
Өткен түні 11 жыл бойы Еуропада тұрып келе жатқан Әблязов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзін қамауға алу туралы шешім шыққанын хабарлады.
«Мені ұстап алды. Барлығы кинодағыдай болды. Бұл жерде Қазақстанның қатысы бар. Тіпті, екі күн түрмеге отырып шығуға тура келді», - деп жазды ол.
Әблязов жазбасындағы екі сурет те түрме маңында түсірілген сияқты. Суретте оның ұлы мен үлкен қызы бар.
Оның адваокаттарының бірі Жерар Чолокян Қазақстан тарапынан қозғалған іс бойынша 7,5 миллиард доллар жымқырды деген айып тағылып отыр. Адвокаттың айтуынша, Франция оппозиционерге «қиын жағдайдағы сенімді өзге мақсатта пайдалану» және «ақша бопсалау» сияқты баптармен кінәлі деп есептейді.
Әблязов қайта бостандыққа шыққанымен сот бақылауында болмақ.
Басып шығару