Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады. ҚР СІМ жағдайға алаңдаушылық білдіреді.
«Бауырлас Әзірбайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыруға жұмыс істейтін барлық шараларды қабылдап, қару қолданбауға және келісімге келуге шақырамыз», - деп мәлімдеді СІМ.
Сонымен қатар Қазақстан тараптардың бейбіт келісімге келуі үшін халықаралық ұйымдар алаңдарында әрекет етуге дайын екені айтылады.
«Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің қазіргі төрағасы ретінде қазіргі келісім жиынының пакетін қолдануды ұсынамыз», - деп жазылған мәлімдемеде.
27-қыркүйек күні Әзірбайжан Армения жеріне басып кірді. Таулы Қарабақ аймағында екі тарап та шығынға ұшыраған. Армения қалаларға зымырандар атылғанын жариялады.
Басып шығару