Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді", - деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.
Басып шығару