Өз жауабы: Бекболат Тілеухан шетелге әскери техника сата ма? (видео)
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан өзінің аты аталған даулы бейнетаспаға қатысты пікір білдірді.
«Иә, ол бейнетаспаны көрдім. Жақсы спектакль жасаған. Бейне бір, бір адам ұсталып, соған жауап беріп отырған сияқты. Анық-қанық адамдардың аты-жөнін айтады. Енді, жала болғанда да қисынға сыймайтын нәрселерді айтқан. Осы мәселеге байланысты, менің абыройыма нұқсан келтіріп, жала жапқан адамды табуды, бейнетаспада аты аталған тұлғаларды анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінен және басқа да тәртіп сақтау органдарынан өтінемін», - деді ол.
Еске сала кетейік, кеше әлеуметтік желіде бір адамның «шетелге әскери техника шығардым, артымды Бекболат Тілеухан жауып отырды» деген мәтіндегі сөзі бар бейнетаспа тараған. Басып шығару