ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой брифингте мектеп оқушыларының қай уақытқа дейін қашықтан оқитынын мәлімдеді.
Ол мектеп оқушыларын қашықтан оқыту – мәжбүрлі шара екенін жеткізді. Көп адам жиналатын орындар – инфекция жұқтыру қаупі бар орындар. Министр мектепте бір адам вирус жұқтырса, онымен байланысқа түскендер санының өте көп болатынын алға тартып отыр.
Денсаулық сақтау министрі дәстүрлі оқыту режиміне көшкен елдер туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, Германияда, Англияда, АҚШ-та, Францияда мектепте бірнеше адам коронавирус жұқтырып, оқыту режимі ауысқан.
Цой жыл сайынғы тұмау науқаны туралы айтуды да ұмытпады.
«Бұл – уақытша шара. 15-қыркүейектен 15-қазанға дейін екпе жасаймыз. Біз осылайша халықты, балаларды тұмаудан, тұмаудың коронавирусты қозыдыруынан сақтаймыз. Біз үшін бұл өте маңызды. Біз, кем дегенде, 1 тоқсанды қашықтан оқыту режимінде өткізуді ұсынамыз. Сол уақыттағы эпиджағдайға қарай дәстүрлі форматқа көшу мәселесін Ведомствоаралық комиссияға ұсынамыз», - деді ол.
Басып шығару