Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) төрағасы Қайрат Келімбетовтің есебін тыңдады.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері негізгі талқыланды.
Мемлекет басшысы тікелей және портфельдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты аймақтық үйлестірудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Басып шығару