Омск қаласындағы №1 жедел жәрдем ауруханасы ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды Германияға алып кетуге келісім бермеді.
Медициналық мекеменің бас дәрігері науқастың жағдайы тұрақсыз екенін, ұшақ арқылы тасымалдауға жарамсыз екенін алға тартқан.
Навальный басшылық ететін Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының заңгері Иван Ждановтың айтуынша, аурухана басшылығы науқастың туыстарына оны тасымалдау үшін жауапкершілік ала алмайтынын жеткізген.
Ал неміс ұшағы Навальныйды Берлиндегі клиникаға жеткізу үшін бүгін таңертең ұшып келді. Оппозиционерді бүгін Германияға жеткізу жоспарланған еді.
Басып шығару