Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминнің баяндамасын тыңдады.
Ақорда сайтында хабарланғандай, премьер-министр Асқар Мамин мемлекет басшысына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады.
Қазақстан Президентіне халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, егін жинау науқанын ұйымдастыру және жаңа оқу жылына дайындық жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және карантинге қойылатын талаптарды кезең-кезеңмен жеңілдетуге ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Басып шығару