Беларусьта президент сайлауы басталды. Жер-жердегі сайлау учаскелері ашылып, азаматтар дауыс беруде. Сайлауға бес кандидат қатысады, оның біреуі – қазіргі президент Александр Лукашенко. Сайлауға шамамен 6,8 миллион дам қатысады деп жоспарланған. Сайлауға дейінгі алдын ала дауыс беру кезінде сайлаушылардың 32,24 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген.
Сайлауға келесі кандидаттар қатысып жатыр: қазіргі президент Александр Лукашенко, Сергей Тихановскийдің әйелі Светлана Тихановская, «Говори правду» қоғамдық ұйымының атынан Андрей Дмитриев, «Грамада» социал-демократиялық партиясынан Сергей Черечень және бұрынғы депутаты Анна Канопацкая.
Қаржылық қылмыс жасады деген айып тағылған және кандидаттығы тіркелмей қалған «Белгазпромбанктың» экс-басшыс ы Виктор Бабарико штабының төрағасы Мария Колесникова мен Валерий Цепкалоның штабының басшысы Вероника Цепкало Светлана Тихановскаяны қолдап отыр.
Аталған кандидаттардың тіркелмей қалуы қоғамда резонанс туғызып, мыңдаған азаматтың бейбіт митингіге шығуына түрткі болды.
Басып шығару