Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 14 күндік карантин мерзімінің ұзартылуы туралы нақты ақпарат берді.
«Біз күшейтілген карантин режимін жариялар алдында азаматтардың өтініш-тілегін де қарастырдық. Екі апта ішінде азаматтар бұл режимге үйреніседі, ал жұмыс істей бастаған шектеу шаралары науқастар санының азаюына көмек береді», - деді ол.
Оның айтуынша, карантин режимінің мерзіміне байланысты сұрақтарға кейінірек тоқталады. Нақты аталған карантин мерзімінің соңына қарай нәтижеге байланысты шешім қабылданбақ.
«Аурудың инкубациялық кезеңімен (14 күн) сәйкес карантин режимінің нәтижесі екінші аптада немесе үшінші аптаның басында көріне бастауы тиіс. Біз қазірдің өзінде нәтижелерді байқап отырмыз, дегенмен, нақты қорытынды апта соңында шығады. Сол кезде нақты шешім де қабылданады. Біз қазір ғалымдармен, шетелдік әріптестерімізбен осы мәселені ақылдасып жатырмыз», - деді Цой.
Басып шығару