«Четыре брата» қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар сот кескен жазаны алғашқы күннен бері колния лазаретінде өтеп келеді. ІІМ Қылмыстық атқарушы комитетінің мәліметінше, сотталушы арнайы емге мұқтаж екен.
Қылмыстық топ жетекшісі Еркін Ізбасар бірінші топтағы мүгедек болып есептеледі. Кебір деректерге сүйенсек, ол 1990 жылдары көлік апатына түсіп, омыртқасына зақым келген, содан бері арбаға таңылыпты.
Ол екі жылдан бері Шығыс Қазақстан облысындағы Қылмыстық атқару департаментінің төтенше қауіпсіз жағдайдағы нысанында жазасын өтеуде. Екі жылдан бері Еркін Ізбасар дәрігерлердің бақылауында.
«Келген күннен бастап ол дәрігерлердің бақылауында отыр. Науқас сотталушыға арнайы кереует жасалған. Бұл кереует арқылы ол кез келген уақытта көмек шақыра алады», - деп жауап берген жауаптылар.
Еркін Ізбасар өскемендік дәрігерлердің емінен бас тартып, өзін алматылық дәрігерлер қарасын деген талап қойыпты. Дегенмен, колония басшыларының айтуынша, қазіргі жағайда бұл нәрсе мүлде мүмкін емес.
Еркін Ізбасар 39 миллион теңгенің мұнайын ұрлап, қылмыстық топ ұйымдастырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Басып шығару