Алматы қаласының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясын жұқтырды.
«Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин бір аптадан бері үйінде оқшауланып жатыр. Дерт симптомсыз түрде өтуде. Денсаулығы қалыпты. Жұмысын қашықтан істеп отыр», - деп жазылған Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәлімдемесінде.
Басып шығару