Карантин: Қазақстанда шектеу шаралары қайта орнауы мүмкін

  • 29 июн, 21:51
  • Көрілім: 12

Қазақстан Президенті Үкімет мүшелерімен, бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен бейнеконференция арқылы кеңес өткізді.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев уақтылы қатаң карантин індетті ауыздықтауға мүмкіндік берді. Бірақ, өкінішке орай, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін барлық шектеу шаралары бірден әлсіреп кетті.

"Үстіміздегі жылдың 11 мамырында шектеулер алынып тасталғалы бері, індет 7 есеге өсті. Бұл көбінесе бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты. Айта кету керек, орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесі төтенше жағдайдан тыс тиімді жұмыс істеуге дайын емес. Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндеттерді атқара алмады. Мұны мойындау керек.  Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ете алмады" - деді мемлекет басшысы.

Инфекцияның негізгі ошағы Атырау облысындағы Теңіз кен орны, онда коронавирустық инфекцияның 1222 жағдайы тіркелді. Алматыда тек азаматтар арасында ғана емес, әсіресе медицина қызметкерлері арасында аурудың жоғары деңгейі байқалады. Елордалық көптеген ұйымдар санитарлық талаптарды бұзуды тоқтатар емес. Өңірлерде аурухана төсек-орындары, медициналық персонал, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтардың тапшылығы байқалады.

"Пандемиямен күрес жөніндегі барлық шешімдерді, Премьер-Министрдің басшылығымен тиісті Мемлекеттік комиссияның аясында жасалатын жағымсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жоюды тапсырамын. Мемлекеттік комиссия сыни ресурстардың таралуына орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз етуі керек. Ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шараларды қабылдауға Мемлекеттік комиссияға үстіміздегі жылдың наурыз-мамыр айларындағы шараларға ұқсас, екі күн ішінде қатаң карантин енгізу туралы ұсыныс жасап, маған баяндауды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру