Коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен бірге болғаны үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев оқшаулануға көшті.
«Министр оқшауланып отыр. Ол ұшақта Елжан Біртановпен бірге ұшып келген. Дегенмен, таңғы жиналыстар, барлық шаралар жоспар бойынша өтуде. Министр үйден барлығын қадағалап отыр», - деп мәлімдеді ведомства баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
Оның айтуынша, Мырзағалиевтің коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен. Министр апта соңында тағы бір тест тапсырады екен.
Басып шығару