Ведомствоаралық комиссияның ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен отырысында коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында қолданылып жатқан шаралар мен елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы сөз қозғалды.
«Отырыс қорытындысында мемлекеттік органдардың басшыларына ұжымның 80 пайызын қашықтықтан жұмыс істету ұсынылды», - деп жазылған премьер-министр сайтында.
Сондай-ақ, аймақ әкімдіктеріне түрлі нысандардағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қатаң бақылап, тәртіп бұзғандарға жаза қолдану тапсырылды.
Басып шығару