Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында сабақтастықты түсіндіріп берді.
«Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев – заманауи Қазақстанның негізін салған тарихи даңқы жоғары фигура. Жақында біз оның 80 жас мерейтойын атап өтеміз. Әрине, оның халық пен әлемдік қауымдастықтар алдында жасаған еңбегін айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтау өте маңызды, өйткені, бұл – қазақстандық мемлекеттілікті нығайту үшін бірден-бір қажеттілік. Міне, сондықтан менің сайлауалды бағдарламамда сабақтастық мәселесі қозғалды», - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, Назарбаев қазіргі дағдарыс жағдайында президентті жан-жақты қолдап отыр.
«Ешқандай қосбилік жоқ, бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі бірнеше мәрте айтты. Сондай-ақ, ол халықты қазіргі президенттің маңайына топтасуға шақырды», - деді мемлекет басшысы.
Басып шығару