ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Тоқаевтың айтуынша, Ораза айт мерекесі – мейірім мен берекенің, қасиетті Рамазан айындағы жаңарулардың жалғасы.
«Гумандық мен қамқорлық, қарапайымдылық пен сыйластық – біздің халқымыздың тұтас мінезі. Біз осы қасиеттерді жас буынның санасына сіңіруіміз керек.
Осындай мереке күндері мұсылмандар бір-біріне көмек беріп, құттықтап жатады. Осындай ауызбіршілік халықтың біртұтастығын сақтауға көмектеседі.
Рамазан айына тұспа-тұс келген пандемия кезінде халқымыздың сабырлылығы мен ауызбіршілігі арқасында жағдайды тұрақтандыра алдық.
Біздің халқымыздың даналығы мен тектілігі арқасында кез келген қиындықты жеңіп шығатынымызға сенімдімін. Ораза айт мерекесі құтты болсын! Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке мен жетістіктер тілеймін!» - делінген президент құттықтауында.
Басып шығару