ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттікбасқару саласында реформа жасауға бейіл. Ол кеше ТЖ жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысы туралы Twitter желісіндегі парақшасында жазба қалдырды. «Мемлекеттік басқару саласында реформа жүргізіледі. Поствирустық кезеңде де жауапты жұмыс істейтін күш керек. Бізге жаңартылған әрі мықты мемлекеттік аппарат қажет. Олар жағдайды басқарып, қадағалап отыруға, жедел шешім қабылдауға қабілетті болуы маңызды», - деді ол.
Тоқаев Қазақстандағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеруді тапсырып, «5-10-20» жаңа ипотекалық бағдарламасын ұйымдастыруды және Отбасы банкін құруды міндеттеді.
Басып шығару