16 наурыз күні сағат 12-де қалалық әкімдікте коронавирусқа байланысты Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай белгілі болды.
Коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық штабтың хабарлауынша, 16 наурызда Алматыда коронавирустық инфекцияның 7 жағдайы тіркелген.
Жалпы, қазіргі уақытта Алматыда 676 адам карантинде жатыр.
Алматы әкімдігі барлық азаматтарды, әсіресе үй карантинінде жатқандарды жағдайға байланысты өз денсаулығына және басқалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және санитарлық-гигиеналық ережелерді қатаң сақтауға шақырды.